Кеншілер мәдениет сарайы жас қарағандылықтарды вокалдық онлайн-байқауға қатысуға шақырады

Кеншілер мәдениет сарайы жас қарағандылықтарды вокалдық онлайн-байқауға қатысуға шақырады

Кеншілер мәдениет сарайы "Музыкалық қобдиша" мультфильмінен ән орындау бойынша облыстық балалар вокалдық онлайн-байқауын өткізеді. Оған 5-тен 13 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Вокалдық жарыс 28 шілде күні сағат 12.00-де өтеді.

Байқауға қатысу үшін 25 шілдеге дейін whatsApp-қа +7-702-164-81-87 нөмірі бойынша өтінім беру қажет. Онда қатысушының Т.А. Ә., жасы, ата-анасының байланыс телефондары, сондай-ақ туындының және оның авторларының (немесе оның қай мультфильмінен алынғаны) атауы, хронометражы көрсетілуі қажет. Өтінім қатысушының туу туралы куәлігінің фотосуретін міндетті түрде ұсына отырып беріледі. Бейне мен өтінімді жібере отырып, ата-аналар байқау шарттарымен, орындаушының аты мен оның жасын көрсете отырып, жариялауға және бейнені көпшілікке көрсетуге келісімін растайды.

Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі:

- қатысушылар өз таңдауы бойынша мультфильмнен алған бір әнді орындап, ұзақтығы 5 минутқа дейін созылатын бейнежазбасын ұсынады;

- қатысушылардың жасы 5-тен 13-ке дейін: І санат – 5-8 жас және ІІ санат – 9-13 жас;

- микрофонсыз айтылған, бір дубльмен және монтажсыз түсірілген бейнежазбаға рұқсат етіледі.

Ескерту: студияда жазылған дауысы бар бейнежазбалар немесе концерттік қойылымдардан түсірілген бейнелер қабылданбайды. Байқауды ұйымдастырушылар ережеге өзгерістер енгізе алады. Өзгерістерді Instagram-да@dkg_krg парақшасынан көруге болады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талап:

- вокалдық мәліметтер, орындау шеберлігі;

- репертуардың байқау шарттарына сәйкестігі;

- музыкалық сүйемелдеудің сапасы (аранжировка).

Жеңімпаздарды дипломдар, бағалы сыйлықтар мен жағымды тосынсыйлар күтеді.

Байқау туралы толық ақпаратты мына нөмірлер бойынша алуға болады: 41-27-26, +7-702-164-81-87, +7-707-121-83-99.