Кәсіпкерлерді Қарағанды облысы әкімінің грантын тағайындау конкурсына қатысуға шақырады

Кәсіпкерлерді Қарағанды облысы әкімінің грантын тағайындау конкурсына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға арналған Қарағанды облысы әкімінің грантын бөлуге арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау бастал, анын жариялайды. Бұл мақсатқа 100 миллион теңге бөлінді.

10 тамызға дейін алғашқы 50 миллион теңгеге конкурс өткізіледі, әрбір Грант сомасы – 1 миллион теңге.

Қаражат жаңа әлеуметтік маңызды жобаны ашуға немесе Қарағанды облысы жастарының жұмыс істеп тұрған бизнесін дамытуға бөлінеді.

Байқауға Қарағанды облысында тұратын 18-28 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Қажетті құжаттар тізімі:

- жеке куәлік (көшірме);

- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі) (қолданыстағы бизнес болған жағдайда);

- бизнес-жоба;

- кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқудан өткені туралы сертификат (бар болса);

- жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін қызмет көрсететін банктерден несие берешегінің болуы (болмауы) туралы анықтама (түпнұсқа);

- жұмыс істеп тұрған бизнес болған жағдайда жоба бойынша өндірістік бағдарламада пайдаланылатын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ жалдау келісімдері (көшірмесі).

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 4, 203 кабинет, 10 тамыз сағат 18.00 дейін.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8-707-867-44-94, 8-708-438-71-24.