
Саран қаласында «ҚР Қызыл жарты ай» ҚБ қолдауымен қайырымдылық акциясы өтті. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға азық-түлік жиынтықтары мен киім-кешектер таратты.
Қалалық пробация қызметінің ғимараты бр күнге гуманитарлық аймаққа айналды. Мұнда көмекке мұқтаж адамдар келіп, қажеттілерін алуға мүмкіндігі болды.
- Біз қазір қиын кезеңді өткеріп жатырмыз. Осындай сәттерде бір-бірімізге жәрдемдесу, қамқорлық көрсету және барынша көмек көрсетуге тырысу маңызды, - дейді Саран қаласының пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Адай Есмағамбетов.
Қазіргі таңда Саран қаласында 85 адам сынақ есебінде тұр.