Қарағанды - Балқаш трассасын қайта жаңарту жобасына үш мыңнан астам жол жұмысшылары жұмылдырылды

Қарағанды - Балқаш трассасын қайта жаңарту жобасына үш мыңнан астам жол жұмысшылары жұмылдырылды

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар 363 шақырымдық Қарағанды - Балқаш автомобиль жолын қайта жаңарту жалғасуда. Жоба үш мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Құрылыс жұмыстарын «КазГерСтрой БК» және CITIC Construction Co.Ltd компаниялары жүргізеді. Қазір трассаның барлық учаскелерінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар жер төсемін дайындауды және асфальтбетонды жабынның төменгі және жоғарғы қабаттарының құрылысын жүзеге асыруда.

Жобаға сәйкес, аталмыш жол төрт жолақты жол қозғалысы бар I-б техникалық санатына сәйкес келеді. Жолдың кеңеюі учаскелердегі апаттылықты айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ автокөліктің өткізу қабілетін бірнеше есе арттырады. Бұдан басқа, қайта жаңарту 28 көпір мен жол өткелдерін, 377 су өткізу құбырларын, сондай-ақ елді мекендерге жақын демалыс алаңдары мен автопавильондарды салуды көздейді.

Бүгінгі күні мұнда 1 366 техника жұмылдырылған.

Айта кету керек, қайта құру басталғаннан бері жобада 3 282 жұмыс орны ашылды.

Жаңа жабынды жол бойынша көлік қозғалысын биылғы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша