
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы "Экоамбассадор", "Экомеценат" және "Эко кәсіпкер" номинацияларының жеңімпаздарын жариялады. Байқау "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын белсенді қолдаған кәсіпкерлер арасында өтті.

Бар-жоғы 30 өтінім келіп түсті. Шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдады.

"Экоамбассадор" номинациясы бойынша "Creative & Innovation institute" ҚҚ басшысы Ирина Харитонова және "ПрофКрас" ЖШС директоры Бақтияр Омарханов үздік атанды.
– 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды тұрғындарымен бірге #АғашЕкЖақсыДемал халық жобасын жүзеге асырып келемін. Жобаның тұжырымдамасы - гүлденген бақ. Бүгінгі таңда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопаркте 500-ге жуық көшет (алма, мамыргүл, бадам, шетен, тал және т. б.) егілді, – деді Бақтияр Омарханов.
Инновациялық экологиялық шешімдер мен жауапкершілік үшін "Эко кәсіпкер" номинациясында ВioНumuskKZ ғылыми-білім беру орталығы мен "Maker" ЖШС марапатталды. Соңғы үш жылда Maker кәсіпорнының аумағында 420-дан астам көшет егілді, омарталар бар, су қоймасын балықтандыру жүргізіліп жатыр.

– BioНumus ғылыми-білім беру орталығын Қарағанды қаласы әкімінің 1,5 млн теңгеге берген грантының арқасында ашу мүмкіндігіне ие болдық. Бүгінгі таңда ол экологиялық таза өнім өсіреді және жасыл тыңайтқыштар шығарады. Менің жобамның мақсаты – өскелең ұрпақты ғылыммен айналысуға ынталандыру және қазірдің өзінде барлық салаларда экологиялық игілік туралы ойлану, – деп атап өтті ғылыми орталықтың басшысы Арайлым Серікбай.
Аймақтың экомеценаты деген атаққа Kazakhmys Smelting ие болды. Компания жыл сайын ағаш отырғызады, Балқаш көлін балықтандырумен айналысады және экологиялық акцияларға қатысады.
– Биыл біз қала үшін 3700 көшет сатып алдық. "Таза жағалау" акциясын үнемі қолдаймыз, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жүргіземіз, экобокстар орнатамыз, – дейді "Kazakhmys Smelting" ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының директоры Айдар Түсіпбеков.

Жеңімпаздар мүсіншелермен және дипломдармен марапатталды.

Эко байқауды тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша