
Балқаш қаласының ветеринарлық станциясында үйсіз жануарларға арналған вольерлер жасалды. Иттер мен мысықтарға арналған 17 орын демеушілердің қаражатына жабдықталды.
Баспанасыз жануарлардың уақытша болу орындары екі апта ішінде жабдықталып, жайғастырылды. Вольерлерге арналған алаңда бөренелер төселді. Тордың өздері металл тордан жасалған. Ветеринарлық станцияға ауыз су берілді. Вольерлерге алғашқы тұрғындар қабылданған соң оларды тұрақты түрде тамақтандыру қамтамасыз етіледі.
Осындай вольерлер келесі жылы жануарларға арналған панада да пайда болуы тиіс.
- Үйсіз жануарларға арналған оңалту орталығында вольер салу үшін қаражат бөлетін демеушілер табылады деп ойлаймыз. Біз бұған үміттенеміз. Әкім де бұл мәселені шешуге көмектесуге уәде берді, - дейді "ЧиП" ҚБ жетекшісі Анастасия Септ.
Үйсіз жануарларды аулау күні Ветстанция қызметкерлері әлеуметтік желіге иттер мен мысықтардың суретін салады. Егер бір апта ішінде жануарлар өз иесін немесе жаңа отбасын таба алмаса, оларды жергілікті панаға жібереді. Қазір онда 100-ге жуық үй жануары бар.