
Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі музыка жанкүйерлерін жас талантты пианисттің қатысуымен өтетін концертке шақырады. 22 маусымда "Шалқыма" концерт залында Халықаралық байқаулардың лауреаты Әділет Сексенов өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасында: Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди - "Абай" операсынан би сюитасы”; Сергей Рахманинов - "№2 оркестрмен фортепианоға арналған концерт до минор, ор. 18"; Антонин Дворжак - "Жаңа әлемнен” №9 кіші симфония, ми минор".
Дирижер - халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков.
Концерттің басталуы: 17:00.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
