
Telegram мессенджерінде 50 мың теңге көлемінде жәрдемақы ресімдеуге арналған жалған бот пайда болды. Осылайша, арнаны құрушылар абоненттерді алдау арқылы жазылушылар санын көбейтіп алуға тырысады.
Тек ресми дереккөздерге сену керек. Азаматтардан зиянкестердің жетегіне ермеуді және арандатушылыққа сенбеуді сұрайды. Алаяқтар жеке деректеріңізді пайдакүнемдік мақсатта қолданбауы үшін сақ болыңыздар.