Демалыс күндері Қарағанды саябақтарында ойын-сауық, спорттық және концерттік бағдарламалар өтеді

Демалыс күндері Қарағанды саябақтарында ойын-сауық, спорттық және концерттік бағдарламалар өтеді

Қарағандылықтар алдағы сенбі мен жексенбіні көңілді және тиімді өткізе алады. Қала саябақтарында қызықты іс-шаралар жоспарланған.

8 маусым

Орталық саябақ

17:00 – Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған "Туған күніңмен сүйікті қалам" концерттік бағдарламасы;

19:00 – Тай-бо би фитнес бағдарламасы.

Майқұдық Саябағы

17:00 – "Ән салады қарттарың" белсенді ұзақ өмір сүру орталығының концерттік бағдарламасы.

9 маусым

Орталық саябақ

11:00 – зумба жаттығулары;

18:00 – "11 этаж" ВИА концерттік бағдарламасы.

Майқұдық Саябағы

17:00 – Retro dance ойын-сауық бағдарламасы.