91 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирустық инфекциядан сауығып кетті

91 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирустық инфекциядан сауығып кетті

91 жастағы қарағандылық Арон Штоллердің сауығуын дәрігерлердің үлкен жеңісі деп санауға болады. Егде жасына қарамастан, дер кезінде басталған емдеу мен жеке күш-жігерінің арқасында ер адам COVID-19 індетін жеңіп шықты. Қазір ол ауруханадан шығарылды.

Бұған дейін денсаулығында ауыр проблемалар болмаған қарт пациенттің айтуы бойынша, оның сауығуына медициналық қызметкерлердің қамқорлығы көмектесті.

- Егер олардың қарым-қатынасы мен күтімі болмаса, мен сауығып кете алмас едім. Менің емдеуші дәрігерім Рафаэль Фахрутдинов – ең керемет мамандардың бірі. Мен оған өте ризамын. Бұл ауруды бастан кешіру қиын. Ауруханада жатқан кезде маған оттегі жетіспеді, қан қысымым көтерілді, температурам көтерілді. 10 күн мен Михайловка инфекциялық ауруханасының ауыр пациенттерге арналған жеке палатасында жаттым. Санитарлардан бастап бас дәрігерге дейінгі барлығы маған өте жақсы қарады. Ауруханада болған кезімде маған күтім жасаған барлық ұжымға үлкен рахмет, - деді Арон Васильевич медиктерге.

«1929 жылы туған пациентте COVID-19 коронавирустық инфекциясы анықталды. Ауырлық дәрежесі орташа, екі жақты интерстициальді пневмония анықталды. Толық емдеу курсынан өткеннен кейін және КВИ-ға тестілеу екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ол үйіне шығарылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы