Ойын әзірлеушілерді хакатонға қатысуға шақырады

Ойын әзірлеушілерді хакатонға қатысуға шақырады

"Teррикон алқабы" ІТ-хабы студенттерді, IT-мамандарды және GameDev саласына қызығушылық танытатындарды хакатонға қатысуға шақырады. Байқау 28 маусымда басталады.

Үш күн аралығында қатысушылар кейстердің бірін таңдап, шешім ұсынуы керек: казуалды ойын құрау, белгілі бір жерді немесе кейіпкердің дизайнын құру.

Хакатон бағдарламасында:

- кейстер бойынша воркшоптар;

- жобалар бойынша командалардың жұмысы;

- трекерлер және сарапшылармен чек-поинттер;

- кофе-брейк;

- жобаларды қорғау.

Үздік екі жоба 500 000 теңгеден алады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

Шара офлайн / онлайн өтеді.

Команданы тіркеу сілтеме бойынша.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайв: Алалыкин көшесі, 12.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.