Сәтбаевта 22 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Сәтбаевта 22 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Сәтбаев қаласында жеке инвестор есебінен салынған 60 пәтерлі жаңа үйдің пәтер кілттері табыс етілді. 22 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанасын иеленді. Айта кету керек, бұл қуанышты оқиға Астана күнімен тұспа-тұс келді. 

- Әлеуметтік қорғау санатына жататын тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету басым міндет болып табылады. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл аударылады. Өткен жылы қалада 51 көпбалалы отбасы пәтер кілттерін алған болатын. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда, - деп атап өтті Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Қоныс тойын тойлаушылар оларға қамқорлық көрсетіп жатқаны үшін мемлекетке алғыстарын білдірді.