
Қарағанды облысында дәрханалардағы медициналық препараттар мен маскалардың бағасын негізсіз көтергені үшін 8-701-7-109-109 (мессенджер WhatsАpp) нөмірі бойынша хабарласып, шағым айтуға болады. Бұл байланыс нөміріне сондай-ақ дәрі-дәрмектер алыпсатарлығымен айналысатын тұлғалар туралы да хабарлауға болады.
Бұл мәселелер бойынша senim 109 қызметіне жүгінуге қойылатын басты талап - ақпарат шынайы болуы тиіс. Анықталған заңбұзушылықтардың фотосын немесе бейнесін қоса берген абзал.
Өңір тұрғындарының өтініштерін мобильдік топтар өңдейді. Сонан соң олар шағымдар бойынша оқиға орындарына шығады.
Сонымен қатар 8-701-7-109-109 нөмірі бойынша келесідей жағдайда шағым айтып, хабарласуға болады:
- жұмыс беруші қолданылған немесе жыртылған маска/қолғаптар берсе, не болмаса денсаулық сақтау құқығын басқалай бұзатын болса;
- ЖРВИ белгілері бар, яғни Covid-19 індетін тасымалдауы мүмкін тұлғаға жұмысқа шығуына рұқсат берсе;⠀
- қоғамдық орындарда, автобустарда, аялдамаларда антисанитарлық жағдайды байқасаңыз.
Егер сізде WhatsАpp болмаса, ереже бұзушылықтар жайлы 109 нөміріне, Instagram senim 109 direct-ке немесе қыметтің Facebook-тегі парақшасына жазуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар медициналық препараттардың негізсіз көтерілген бағасына DariKZ мобильдік қосымшасында да шағым бере алады.⠀
Онда Қазақстанда тіркелген препараттардың шекті рұқсат етілген бағасы белгіленген.
Сонымен қатар, бұл қосымшада келесідей ақпараттар бар:
- препараттар түпнұсқа немесе дженерик болып табыла ма;
- баламалары бар ма;
- дәрі рецептсіз беріле ме және тағы басқала да ақпараттар.
Darikz мобильді қосымшасын Google Play Market-тен жүктеуге болады.
Google play жүктеу үшін сілтеме - https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari.