
Қарағанды дүкендерінде нан экологиялық таза қағаз пакеттеріне оралады. Бұл қаптамалар зиянсыз, барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді және кейіннен оларды қайта өңдеуге болады.
Технологияға патент Home info сауда маркасына тиесілі. Қарағандыда Home info өкілдері болып табылатын "Темірхан" ЖК-нің айтуынша, нан-тоқаш өнімдеріне арналған қағаз пакеттерінің алғашқы партиясы - 10 мың дана шығарылды.
- Алдағы уақытта оларды қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Saryarqa NAN-мен келісімшарт жасау болды. Бүгінде тұтынушы біздің пакеттерді компания павильондарынан көре алады, - дейді "Темірхан" ЖК өкілі Ринат Қағазғалиев.
Өндірушілердің айтуынша, экономикалық пайда, су бояулары негізіндегі пакеттерде химикаттар қоспай, оларды шығаруға жұмсалатын шығындарды өтейтін жарнама орналастырылатын болады.
Жоба Қазақстанның 20 қаласында табысты жүзеге асырылуда.