
Қарағанды облысында әлеуметтік инфрақұрылым дамуда. Қалалар мен ауылдарда жаңа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары салынуда. Сондай-ақ, өңірде тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті шешілуде. Тұрғын үй құрылысының ауқымы бірнеше есеге өсті.
Қарағанды белсенді қарқынмен салынуда. Жаңа орталықта жүздеген отбасы несие алады.
Үлкен құрылыс Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында да жүріп жатыр. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы отбасылар пәтерлермен қамтамасыз етіледі.
Қарқаралы қаласында төрт 18 пәтерлі үй салынуда. Атасу кентінде жеті жаңа үй бой көтереді. Тұрғын үй құрылысымен облыстың басқа аудандары мен қалалары да қамтылған.
Сондай-ақ өңірде автожолдар да ретке келтірілуде. Трассалар жөнделіп, жаңартылуда. Астана күніне орай Теміртау - Қарағанды жолын және Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдарын қайта жаңарту аяқталды. Қарағанды-Балқаш және Балқаш-Бурылбайтал автожолдарында жұмыстар жүргізілуде.
Мереке қарсаңында Теміртау мен Қарағанды қалаларында үш жаңа емхана ашылды. Металлургтер қаласында Елбасының тапсырмасы бойынша медициналық мекеме салынды. Облыс орталығындағы ықшам аудан тұрғындарына бір қадамдық қызмет көрсетілді.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Қарағандыда балаларды оңалту орталығы ашылады. Ауыл тұрғындары үшін жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынуда.
Жаңа мектептер Қарағанды мен Жезқазғанда тапсырылады. Сәтбаев қаласында 320 орындық балабақша мен оқушылар сарайы ашылады. Қарағандыда Елбасының тапсырмасы бойынша кең және заманауи балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көптен күткен нысанның ашылуы биылғы жылға жоспарлануда.
Теміртауда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда - аталмыш нысан Елбасының тапсырмасы аясында салынды. Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде бассейн, Ұлытау ауданының Қарсақпай және Қарқаралы ауылдарында спорт кешендері ашылады. Қарағандыда туризмді дамыту үшін Визит-орталық пен этноауыл іске қосылады. Жезқазған қаласында Жошы ханның тарихи-мәдени кешені жаңа көрікті орынға айналмақ.