
Қарағанды облысында 47 мың адам Birgemiz қорынан 50 мың теңге көлемінде көмек алды. Қарағанды облысы Елбасының бастамасымен құрылған #Bizbirgemiz #NurOtan қайырымдылық республикалық акциясын алғашқы болып бастады.
Бірінші кезекте осы қиын кезеңде көмекке аса мұқтаж жандар: аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар ие болды. Акция аясында мобильді топтар халықтың әлеуметтік осал топтарына бірінші қажеттілік өнімдері мен гигиеналық құралдарын жеткізді. 19 наурыз мен 3 шілде аралығында Қарағанды облысында 207,5 млн теңгеден астам сомаға 13 мың адамға көмек көрсетілді.
9 сәуір мен 6 мамыр аралығында Birgemiz-Qaragandy қайырымдылық қорынан 1-ші және 2-ші транш аясында Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының 32 057 тұрғынына 50 мың теңгеден төленді.
Маусым айының басында Балқаш, Сәтбаев, Саран, Қаражал, Приозерск, Шахтинск, Абай және Бұқар Жырау аудандарының 9 621 тұрғынына 3-ші транш бойынша төлемдер берілді.
Төртінші траншпен 30 маусымнан бастап Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында 5 309 адам қамтылды.
Нәтижесінде Қарағанды облысының 47 мың тұрғыны 50 мың теңгеден алды. Төлемдердің жалпы сомасы - шамамен 2,4 млрд теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, қолдау келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) аз қамтылған көп балалы отбасылар;
2) 1-ші топтағы мүгедектер;
3) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміне кіретін жасы бойынша зейнеткерлер.