ҚарМТУ-де студенттер арасында "Менің астанам - Нұр-Сұлтан" зияткерлік ойыны өтті

ҚарМТУ-де студенттер арасында "Менің астанам - Нұр-Сұлтан" зияткерлік ойыны өтті

Астана күніне орай Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жеті факультет студенттері арасында "Менің Астанам - Нұр-сұлтан" зияткерлік ойыны өтті.

2019 жылдың 23 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Біздің мемлекетіміздің астанасы егеменді Қазақстанның қарқынды өсуі мен өркендеуінің көрінісі болды.

"Біздің елордамыздың тарихы - еліміздің тарихы. Оны жобалауға әлемге белгілі сәулетшілер қатысты. Олардың туындылары Қазақстанның мақтанышы болды. Зияткерлік ойынның сұрақтары студенттердің бойында Қазақстанның елордасының саяси, рухани және тіпті философиялық мәні бар жалпы бейнесін құруға, бұл жай ғана жарқын заманауи мегаполис емес, тәуелсіз мемлекеттің қайта өрлеуінің, Қазақстан халқының терең және шынайы руханиятқа ие болуының нышаны екенін түсінуге бағытталған, - дейді ұйымдастырушылар.

"Менің Астанам - Нұр-сұлтан" зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.