Қарағанды жастары онлайн-жәрмеңкеде жұмыс таба алады

Қарағанды жастары онлайн-жәрмеңкеде жұмыс таба алады

Қарағанды карьерлік орталығы Tanda.enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесін өткізбек. 30 мамыр күні жастар өзіне ұнайтын жұмысты таба алады.

Жұмыс іздеушілер үйден шықпай-ақ түйіндемені толтыруға және жұмыс берушімен тікелей байланысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, онлайн чат арқылы жұмыс берушіге сол мезет сұрақ қоя аласыз. Сұхбатқа шақырту алуға немесе тура сол сәт бейнесұхбаттан өтуге болады.

Қазірдің өзінде сайтта әртүрлі саладағы 180-тен астам бос жұмыс орыны бар.

Онлайн жәрмеңке 11:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.