Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы

Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы

13 мамырдағы Ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішіндегі жолаушы пойыздарының қатынауын кещең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда жалпы алғанда 93 жұп пойыз қозғалысы қайта қалпына келтірілді.

Алайда, 2 шілдеде елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды.

Атап айтқанда:

1 шілдеден бастап:

- №19/20 Нұр-Сұлтан - Атырау;

- №95/96 Нұр-Сұлтан - Орал;

- №701/702 Нұр-Сұлтан - Алматы коммерциялық пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады.

Анықтама: Нұр-Сұлтан - Алматы және Нұр-Сұлтан - Орал бағытында альтернативті коммерциялық пойыздар (№705/706 Алматы - Петропавл және №51/52 Алматы - Орал) және әлеуметтік маңызы бар пойыздар қатынайды; Нұр-Сұлтан - Атырау бағытында альтернативті әлеуметтік маңызы бар пойыз жүреді.

Әлеуметтік маңызы бар поездар бойынша 5 шілдеден бастап уақытша:1. №321/322 Алматы-Сарыағаш жолаушылар пойызы тоқтатылады.

2. Жолаушылар поездарының жүру мерзімділігі қысқарады:

- № 3/4 Алматы - Нұр-Сұлтан Бір күн сайын (күн сайын);

- № 31/32 Алматы - Павлодар бір күнара (бұрын күн сайын жүретін);

- № 67/68 Нұр-Сұлтан - Өскемен күнара (бұрын күн сайын жүретін);

- № 257/258 Нұр-Сұлтан - Достық аптасына бір рет (аптасына екі рет жүретін).

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша