Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандарды ортақ зираттарға жерлеуге рұқсат етілді

Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандарды ортақ зираттарға жерлеуге рұқсат етілді

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез келген зираттарда көмуге рұқсат етілген. Ережелерде жерлеу салттары да ескерілген.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 25 маусымдағы № 43 қаулысында COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жазылған.

Осылайша, пациент медициналық мекемеде коронавирустық инфекциядан қайтыс болған жағдайда немесе оған күдікті болғанда өлім дерегі белгіленген соң, міндетті түрде алғашқы тәулікте патологоанатомиялық сою жүргізіледі.

COVID-19 жұқтырды деген күдік бар қайтыс болған адамның денесі зертханалық зерттеу нәтижелерін алғанға дейін туыстарына берілмейді. Егер COVID-19 расталмаған болса, мәйіт әдеттегі жерлеу үшін туыстарына беріледі.

Патологоанатомиялық бөлімшеде жерлеуге дайындық алдында оның қызметкерлері мәйітті жуады. Қайтыс болған адамның туыстары жуу процесіне жіберілмейді, бірақ олардың (екі адамнан артық емес) болуына рұқсат етіледі. Олардан міндетті түрде қашықтықты сақтау және жеке қорғану құралдарында болу талап етіледі.

Табытсыз жерленген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) денені дезинфекциялық ерітіндімен жуады және арнайы ерітіндімен сіңірілген матаға (ақырет матаға) орайды. Содан кейін мәйітті полиэтилен пленкаға салып, тығыз матаға орайды. Жерлеу кезінде ақыретті және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.

Табытқа көму кезінде денені де дезинфекциялық ерітіндімен сіңірілген матаға орайды. Содан кейін оны полиэтилен пленкамен орап, тығыз матаға қайта орап, жерлеу орнына жабық табытта тасымалдайды.

Мәйітті жаназа және т.б. салт-дәстүрлер жүргізу үшін, туыстарымен қоштасу үшін беруге рұқсат етіледі. Салттық рәсімге тек бір діни қызметкер қатысады. Ол және туыстары қайтыс болған адаммен байланыспайды.

Жерлеуге қатысушылар бетперде және қолғап киіп, жерлеу барысында қашықтықты сақтауы қажет. Жерлеу процесі 10 адамнан аспауы керек - бұл қайтыс болған адамның отбасы мүшелері және жақын туыстары.

COVID-19 диагнозы расталған немесе оған күдікті қайтыс болған адамды жерлеу жаңа ережелер бойынша барлық биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жалпы зираттарда жүргізіледі.

Мәйітті басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Қарағандыда COVID-19 қайтыс болғандарды жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізгенге дейін тек "Патологоанатомиялық орталық Плюс" ЖШС ғана жерлеу қызметін көрсетуге келіскен болатын. Бұл фирманың директоры Жанат Қаппасовтың айтуынша, жерлеу құны логистикаға байланысты - мәйітті қаншалықты ұзақ тасымалдау керек болса, құны да соншалықты өседі.

Жерлеу құны өте жоғары болуының тағы бір себебі жерлеу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес жүргізілуіне байланысты. Салттық агенттіктердің қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен және арнайы киімменижабдықтау қажет. Көлік, құрал-саймандар, қорғаныс костюмдері әрбір жерлеуден кейін зарарсыздандырылуы тиіс.

Әлеуметтік желілерде COVID-19-дан қайтыс болғандарды ортақ шұңқырларда жерлейді деген мәлімет жалған.