
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша МӘМС жүйесінде қорғалмаған азаматтар үшін жеңілдік кезеңі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Сақтандырылмаған қазақстандықтар кепілді көмек көлемінен басқа, тегін медициналық қызметтерді ала алмайды.
Атап айтқанда, сақтандырылмаған азаматтарға бұрынғысынша жедел жәрдем, амбулаториялық-емханалық, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар мен әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі стационарлық көмек, шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық көмек, сондай-ақ егу қызметтері қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған деп саналды. Жеңілдікті кезең қазақстандықтар емханаларға тіркеліп, өз мәртебесін анықтау үшін көзделген болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзарту тапсырылды.
1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық банктегі арнайы шотқа 5 ай ішінде 214 млрд. теңгеден астам жарна мен аударымдар түсті, оның 122,6 млрд.теңгесі - 15 жеңілдік санатындағы өкілдер үшін мемлекет жарналары. Қазір жүйеде 14,5 млн - нан астам азамат сақтандырылған, оның ішінде 11 млн-ға жуығы-мемлекет есебінен.
"Үкімет қаулысы бойынша 2020 жылдың 1 қазанына дейін ШОБ 29 санатындағы шамамен бір млн азамат - қызметкер босатылды. Олар көрсетілген кезеңге дейін жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдар жасамайды және оларға борыштық міндеттемелер жинақталмайды. Сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақысынан жарналарды ұстамайды, бұл ретте олардың сақтандырылу мәртебесі сақталады. Нөлдік салық есептілігін тапсыру кезінде жарналарды төлемегені үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептелмейді", - деп қосты медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалында.