Қарағанды облысында ҰБТ қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында ҰБТ қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Ол 10 күнге созылды. Тестілеуге 6 214 түлек қатысты.

Бастапқыда 6 431 талапкер өтініш берген болатын.

Тестілеуге әр түрлі себептермен 180 адам қатыса алмады. Оларға күзгі ағымда ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Биыл ең жоғары 140 баллдың 136-ын «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Жақан Әміржан жинады.

Ұлытау №1 орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Аяулым Танабаева 132 балл алды.

Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының орта мектебінің түлегі Әлихан Жаманхан 131 балл жинады.

410 түлек 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Тест тапсырғандар 1 770 түлек шекті деңгейден өте алмады.

Биылғы жылы ҰБТ-ға колледждердің 1 266 түлегі және өткен жылдары мектепті бітіргендер қатысты.

СOVID-19 пандемиясына байланысты барлық 15 тест тапсыру пунктінде санитарлық тәртіп күшейтілді. Дезинфекциялық тоннельдер, кілемшелер, тепловизорлар, санитайзерлер орнатылды, түлектерді медициналық маскалармен қамтамасыз етті.

Тестілеу пункттерінің жанында жедел жәрдем бригадалары, медицина қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік етті.