
"Қарағанды Су" ЖШС жөндеу және инвестициялық бағдарламалары шеңберінде сумен жабдықтау және су беру желілері қайта жаңартылуып жатыр. Жұмыс барысын кәсіпорын басшылығы тексерді.

Қайта жаңартудың алғашқы учаскелерінің бірі – Новоселов көшесі – Бұқар жырау даңғылы, 76 (Пассажирская көшесінен Ермеков көшесіне дейін). Бұл учаскенің ұзындығы – 840 м, диаметрі 200 мм құбырлар ауыстырылады.

Құбырларды ауыстыру Прогресс көшесі 2-36-дан Речная көшесіне дейінгі су құбырынан басталды. Учаскенің ұзындығы – 805 м, құбырлардың диаметрі – 160 мм. Бұл учаскеде же жұмыстар траншеясыз технология бойынша орындалады.

Сондай-ақ, қалада Бұқар жырау даңғылы мен Абай көшесі, 1 қиылысынан бастап Назарбаевқа дейін ұзындығы 362 м кәріз желісі қайта жаңартылуда.

"Қарағанды Су" ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша