
Қарағандылық футбол командасы алғаш рет шымкенттік "Ордабасы" командасымен кездеседі. Матч бүгін, 1 шілде күні, сағат 20.00-де Шымкентте өтеді.
"Ордабасымен" өтетін ойын футболдан Қазақстан чемпионатының 3-ші туры аясында болатын матч. Карантиндік шараларға байланысты ойын бос трибуналармен өтеді.
Кеше, 30 маусымда "кеншілер" Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда жаттығу өткізді. Бұған дейін футбол командаларына жаттығу өткізуге тыйым салынған болатын.
"Шахтёр" командасы осы жылдың 20 наурызында жаттығуларын тоқтатты. Мұндай шешімді олар COVID -19 пандемиясына байланысты қабылдаған болатын. Осы уақытта футболшылар жеке-жеке жаттықты. Топтық жаттығуларға команда 3 маусымда ғана оралды. Сол кезде қарағандылықтар Алматыда жаттықты.
Естеріңізге сала кетейік, "Шахтер" ойынға дайындықтарын уақытша бөтен алаңдарда жүргізуге мәжбүр. Команданың өз стадионында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша көгалдар Қазақстан Футбол Федерациясы мен УЕФА-ның шарттары талап ететіндей заманауи көгалдарға ауыстырылады. Жылыту және автоматты суару жүйесі бар алаң төселеді.