Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 3 мыңға жуық техникалық оңалту құралдары берілді

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 3 мыңға жуық техникалық оңалту құралдары берілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қызмет порталын іске қосты. Бүгінгі күні ол арқылы 2 734 техникалық оңалту құралдары (ТОҚ) берілді. Шамамен 3 000 тапсырыс жеткізу сатысында.  

Портал мүмкіндігі шектеулі адамдарға техникалық оңалту құралдарының өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен кепілдендірілген көмек түріне тапсырыс беруге болады. Ал тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын алу-жеткізу немесе өзіңіз алып кету арқылы алуға болады.

Қазіргі уақытта порталда ТОҚ 55 түрінің 24-і қол жетімді. 2020 жылдың екінші жартыжылдығында мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтеріне тапсырыс бере алады, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді жүзеге асыру үшін өздеріне ыңғайлы ұйымды таңдай алады. ТОҚ-ның қалған түрлері 2021 жылы порталға көшіріледі.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды.

Электрондық ресурс физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін оларды қажетті қызметтермен және техникалық оңалту құралдарын жеткізушіден тікелей қамтамасыз ету үшін әзірленді.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды call-орталықта 1411 нөмірі бойынша алуға болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша