Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

Қарағандылық спортшылар джиу-джитсудан Азия чемпионатында рекордтық марапатқа ие болды. Қарағанды облысының спортшылары қоржынында 12 медаль.

Джиу-джитсудан Азия чемпионаты Абу-Дабиде өтті. Оған 30 елдің мықтылары қатысты.

– Құрлықтық біріншілікте Қарағанды облысының 13 өкілі өнер көрсетіп, 12 медаль жеңіп алды. Биыл біз ең үздік, рекордтық нәтижені көрсеттік, – деді Қарағанды облысы джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағамбетов. – Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз, командамызды қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз. Біз айтарлықтай үлес қостық және Қазақстан құрамасына Азия чемпионатының командалық есебінде бірінші орынға жетуге көмектестік! Бұл жетістік біздің өңірдегі джиу-джитсудың даму деңгейі мен ауқымын көрсетеді.

Қарағанды облысы құрамасының нәтижелері (ерлер мен әйелдер):

*Неваза-жүйелер:

- Олжас Нұртақанов (77 кг) – күміс;

- Ажара Салықова (63 кг) – қола.

*Файтинг жүйелері:

- Аян Амзе (70 кг) – алтын;

- Нұржан Баймағамбетов (+94 кг) – күміс;

- Мұса Рамазанов (94 кг) – қола.

*Байланыс жүйелері:

- Қанағат Магмур (94 кг) – алтын;

- Айзат Мұсабек (70 кг) – күміс;

- Аяна Амзе (70 кг) – қола.

U-16 және U-18 жасөспірімдері:

*Файтинг жүйелері: Досымжан Мереке (52 кг) – алтын;

*Неваза-жүйелер:

- Асылмұрат Сағындық (+94 кг, U-21) – күміс;

- Жігер Алматай (69 кг, U-21) - қола;

- Диляра Есмағамбетова (52 кг, U-16) – қола.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы