
Биылғы жылы Қарқаралы ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда. Оған жұмыссыздар қатарынан 126 адам тартылмақ. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы хабарлады.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша Қарқаралы ауданында су құбыры желілерін салып, жөндейтін болады, жолдар, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын ретке келтіреді.
18 нысанның 15-де жұмыстар басталып кетті. Ал қалған үшеуінде осы апта бойы жұмыстар жүргізіле бастайды - қазір мердігерлер техника мен материалдар дайындауда.
Ауқымды жөндеу жұмыстары ауданда 126 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, оның 85-і бойынша адамдар жұмысқа орналасты.
- Қазір көбіне қарапайым жұмыскерлер сұранысқа ие. Барлық жобаларда - жөндеу және құрылыс жұмыстарының мамандары керек, бірақ су құбырының құрылысына техниканы басқара алатын қызметкер қажет, - деді Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары.
Ол сондай-ақ карантиндік шараларды қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, отбасылық салтанаттардан және мүмкіндігінше қоғамдық орындарға барудан уақытша бас тартуға шақырды.
- Қазір Қарқаралы ауданында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 130 жағдайы тіркелген. Аурудың тез таралуына байланысты барлығын қажетсіз қарым-қатынастардан аулақ болуға шақырамын. Егде жастағы адамдар үйде қалғаны абзал. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы сіздердің қолдарыңызда! - деді Сайлау Әлиұлы.
Бүгінгі күні КВИ ауруы Қарқаралы қаласын қоса алғанда, ауданның 15 ауылдық округтерінде тіркелген. Ауырғандардың басым бөлігін ірі кәсіпорындардың қызметкерлері құрайды.