
Қарағандыда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілетуге бағытталған үздік идеялар іздестірілуде. Ғылыми жобалар байқауын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізеді. Сайысқа жас ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатыса алады.
Байқауды ұйымдастырушылар бес бағытты ұсынды:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл: мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және танымал ету.
3. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының жаһандық бастамалары контекстіндегі бейбітшілік пен келісім идеясы.
4. Қазақстандық бірегейлік: құндылық негіздері және нығайту жолдары.
5. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жоспарының жаңа құрылымы.
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады. Бірінші орын үшін сыйлық 100 мың теңгені, екінші орын үшін - 70 мың теңгені, үшінші орын үшін - 50 мың теңгені құрайды.
Үздік екі жоба байқаудың республикалық кезеңіне жіберіледі.
Жұмыстар 2020 жылдың 30 шілдесіне дейін қабылданады.
Өтініштер мен материалдарды kelisimank@gmail.com е-mail-ге жіберуге болады немесе Достық үйіне жеткізу керек(Шахтерлер даңғылы, 64, 104-кабинет).
Байланыс телефондары: (8-7212) 900-329, 900-309, 8-778-009-24-45, 8-701-479-96-49.
Байқау қорытындысы тамыз айында шығарылады. Күні мен уақыты қосымша хабарланады.
Байқау ережесі мен өтінім нысаны kelisim.kz сайтында жарияланған.