
Қарағанды облысында бизнес-қауымдастық арасында сауалнама жүргізіліп жатыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері COVID-19 пандемиясы кезінде шағын және орта бизнесті қолдау үшін кәсіпкерлер туралы ақпарат жинауда.
«Қазір бизнес арасында сауалнама жүргізіліп, оған сәйкес қолдау шараларын көрсету бойынша кезекті іс-шаралар жоспары қалыптастырылатын болады. Сауалнамаға 12 сұрақ кіреді. Жауаптар кәсіпкерліктің қандай жағдайда екенін түсінуге, бизнес мәселелері туралы ақпаратты билікке жеткізуге және Үкіметпен бірлесіп одан әрі қолдау шараларын әзірлеуге көмектеседі», - деп хабарлады «Атамекен» ӨКП.
Бизнес өкілдері сауалнаманы келесі сілтемелер бойынша ала алады. Қазақ тіліндегі сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfXpxlNxSpWE5AlIIiDqGdjoNytDglhQ6jUwd6l6OaPa9eG0g/viewform.
Орыс тіліндегі сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSen44DcBxiIA708cpwh1_ol7PpUSuk1AL8Lw_AOsBhOtQhPrQ/viewform.
Бизнес жүргізуге қатысты барлық мәселелер, оның ішінде құқықтар мен мүдделерін қорғау бойынша сұрақтармен Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады. Анықтама телефоны: (8-7212) 50-40-55 (ішкі нөмір 410).