
Он төртінші мамырда православие Радоница – қайтыс болғандарды еске алу күні. Қарағандылықтар зираттарға қоғамдық көлікпен бара алады.
Қала әкімдігі автопарктердің көмегімен "Зеленая балка" және "Триада" зираттарына бару үшін алты автобус шығарылғанын хабарлады. Себебі бұл бағыттарға қоғамдық көлік жүрмейді және жақын жерде аялдамалар жоқ.
"Төрт автобус "Майқұдық МҮ – "Зеленая балка" зираты – "Триада" зираты”, екі автобус – "Көгілдір тоғандар ш/а – "Триада" зираты – "Зелена балка" бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады", – деп нақтылады қала әкімдігінде.
Сонымен қатар, тағы екі бағыт болады: "Кеншілер МҮ – Волгодонская көшесі – Қиыр саябақ зираты", "Чкалов көшесі – ДСК – Михайловское зираты".
Автобустарда зираттың атауы көрсететіліп "Родительский день" деген жазбамен белгіленеді. Олар қалалық тарифпен 08:00-ден 16:00-ге дейін жүреді.
"Қала шегінде орналасқан басқа зираттар қоғамдық көлік қозғалысымен қамтылған және қалалық маршруттардың аялдамаларынан алыс емес", – деп қосты хабарламада.