
Қарағанды Достық үйінде 6 жасар Ярослав Цойды қолдау мақсатында қайырымдылық концерт өтті. Оған 150-ден астам жас әртіс пен спортшы қатысты.

Олар сахнада хип-хоп, брейк-данс, көркем гимнастикадағы хореографиялық қабілеттерін көрсетті және дзюдо мен каратэде өз шеберліктерін ортаға салды.
Концертті Қарағанды қаласы фитнес-клубтарының бірінің ұжымы және Amanat партиясының облыстық филиалы ұйымдастырды.

– Концерт Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс Күніне орайластырылып, жас жерлесіміз Ярослав Цойға қолдау көрсету үшін қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылды. Біз осындай қайырымдылық шараларын жылына екі рет өткіземіз. Әр жолы біздің тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары кімге көмектесетінін өз қалауынша таңдайды, – дейді фитнес-клубтың директоры және Amanat партиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Жібек Камали. – Біз үшін бұл есеп беру концертінің бір түрі, онда біздің жаттықтырушылар өз тәрбиеленушілерінің дағдыларын көрсетеді.
Концертке басқа клубтардың тәрбиеленушілері де қатысты. Оларды 6 жасар Ярослав Цойға көмектесу ортақ миссия біріктірді. Жас әртістер мен спортшылардың күш-жігерінің арқасында баланы емдеуге 200 мың теңгеден астам қаражат жиналды.