Қарағандыда өткен Senat Open кубогына 100 ден астам шахмат әуесқойлары қатысты

Қарағандыда өткен Senat Open кубогына 100 ден астам шахмат әуесқойлары қатысты

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Senat Оpen шахмат бойынша бірінші ашық кубоктың іріктеу туры өтті. 

Турнирге Қарағанды облысынан 100-ден астам шахмат әуесқойлары қатысты.

Шахмат барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелерін, БАҚ өкілдері мен ардагерлерді біріктірді. "Жылдам шахмат" форматындағы ойындар Қазақстан шахмат федерациясы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Amanat партиясының ғимаратында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік 25 ойыншы анықталды. 

Бірінші орынды Еңбек ардагері Геннадий Пак иеленді. Екінші орын Абай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты Сергей Могилаға, үшінші орын Еңбек ардагері Сергей Игнатьевке бұйырды.

– Мен 9 жасымнан бастап шахматпен айналысамын, бұл ойынды әкем үйреткен. Аталмыш турнир барлық шахмат әуесқойлары үшін үлкен мереке. Бұл спортты танымал етуге үлкен серпін. Турнир дәстүрлі болғанын қалаймын, – деді Геннадий Пак.

Senat Оpen жартылай финалы 21 маусымда Қарағандыда өтеді. Оған Қарағанды облысынан, Ұлытау облысынан және Астанадан іріктеу турының жеңімпаздары қатысады. 

Үлкен финал Астанада 29 тамызға жоспарланған.

Senat Open турнирі мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған және Қазақстанның барлық өңірлерінде алғаш рет өткізіліп отыр.