Қарағанды облысында табиғи өрттерді жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді

Қарағанды облысында табиғи өрттерді жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді

Қарағанды облысында 15–16 мамыр аралығында облыс аумағында болуы мүмкін табиғи өрттерді жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі.

"Баршаның назарына!" құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 15 мамыр сағат 12:55-те барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына.