
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өзінің Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарға медициналық препараттардың негізсіз қымбаттаған бағасына шағым беруге болатынын еске салды.
Дәрі-дәрмектің құнына DariKZ мобильді қосымшасында шағым жасауға болады. Онда Қазақстанда тіркелген препараттардың шекті рұқсат етілген бағасы белгіленген.
Сонымен қатар, осы қосымшада келесідей ақпарат бар:
- препараттар түпнұсқа немесе дженерик болып табыла ма;
- баламалар бар ма;
- дәрі рецептсіз беріле ме және тағы басқалар бар ма.
Darikz мобильді қосымшасын Google Play Market-тен жүктеуге болады.
Google play жүктеу үшін сілтеме https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari.
DariKZ мобильді қосымшасы арқылы шағым беру үшін үш қадам жасау жеткілікті:
- қажетті бағамен дәрі табу;
- шағым беру батырмасын басу және қажетті жолдарды толтыру;
- "Жіберу" батырмасын басыңыз.
Қосымшаның басқа да функционалы туралы сілтеме арқылы білуге болады https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10163723648035304&id=724200303&sfnsn=mo.