
"Алтын ғасыр" галереясында 17 мамыр күні ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Евгения Казакованың "Реминисценция" атты жеке көрмесі ашылады. Арт-қайраткер жұмысының негізі ретінде қолөнершілермен қарым-қатынас тәжірибесі және қазақ халық қолөнеріне арналған мұрағаттық фотосуреттерді алған.

Жылы реңен құралған экспозиция 40-тан астам аралас медиа жұмыстарынан тұрады. Мұнда кескіндеме, графика және кеңістіктік мүсіндер бар. Фотосуреттерден бөлек, ескі кітаптардың мәтіндері де қолданылды. Барлық жұмыстар көрермендерді өздерінің естеліктері мен олардың өмірдегі маңызды орны туралы ойлауға шабыттандыруға арналған.

– Мен өз өмірімнің белгілі бір кезеңін Қазақстан қолөнершілерімен тығыз қарым-қатынаста өткіздім. Бұл үлкен тату отбасы іспеттес ұжым. Мен әрқашан осы кезеңім шығармашылығым арқылы қалай көрінетінін, қоғамда қалай көрінетінін ойладым. Көп заттар балалық шағымнан келеді, бірақ олар ұмыт болып барады, жаңа әсерлермен алмасады. Көрме-зерттеу тек естеліктерге арналған, мұрағат компоненті қызықты. Мен текеметтерге, сырмақтарға қызығушылық танытамын, оларды өз шығармашылығымда қолдануға әрқашан тырысамын, өйткені бұл да өнерді жеткізетін жолдың бір түрі, – дейді Евгения Казакова.
Суретші заманауи кескіндеме жанкүйерлеріне даланың ерекше бейнесін жасаушы ретінде таныс. Ол жаңа экспозицияда пайда болады және адам мен оның естелігі арасындағы қарым-қатынаста жетекші болады.

Экспозицияның басталуы сағат 18:00-де.
Көрме 30 мамырға дейін жалғасады.
Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.
Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Кіру тегін.