
Қарағандыдағы № 21 негізгі орта мектепте ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Нұрлан Байғаскинге арналған жауынгерлік бұрыш ашылып, мемориалдық тақта орнатылды. Сондай-ақ, батырдың есімімен "Жас сарбаз" мектебінің сыныбы аталды.

Мектептегі "Жас сарбаз" сыныбы 2016 жылы пайда болды. Оқу орны Қарағанды облысының полиция департаментімен меморандумға қол қойып, содан бері тығыз жұмыс істейді.

– Біздің оқушылар "Жас полицей" бағытында айналысады, Департаменттің қамқорлығында. Біз қаладағы "Жас сарбаз" штабы құрылған жалғыз мектеппіз, – дейді №21 ЖББОМ директорының орынбасары Күләш Иманбаева. – Отан қорғаушылар күні қарсаңында біз мектепте жауынгерлік даңқ бұрышы мен мемориалдық тақта ашып, "Жас сарбаз" сыныбына Нұрлан Байғаскиннің есімін беруді ұйғардық. Полиция департаменті бізді қолдады, біз бірлесіп ерлік сабағын өткіздік, оған қаза тапқан полицейдің жұбайы Жаңагүл Байғаскина да қатысты. Департамент мұражайының бастығы Айжамал Айтжанова бұл шараны ұйымдатыруға көмектесті. Біз жауынгерлік даңқ бұрышын толықтырып, оқушыларды Нұрлан Сапуанұлының өмірімен таныстырамыз.

Мектеп оқушылары мен "Жас сарбаз" сыныбының тәрбиеленушілері бұрыштың ашылу салтанатына жиналған қонақтарүа саптық дайындықты, жауынгерлік тәсілдерді көрсетіп, барабаншылар мен хордың өнерімен таң қалдырды.

– Нұрланның арамыздан кеткеніне 25 жылдан астам уақыт өтті, бірақ ол әлі күнге дейін біздің жүрегімізде және әріптестеріміздің, достарымыздың, жақындарымыздың жадында. Ол туралы ұмытпағанына өте ризамын. Мектептегі ерлік сабағы өте әсерлі болды. Балалар жақсы дайындалды, олар өз жұмыстарын шын ниетпен жасап жүргені сезіледі. Бұл біздің жас патриоттарымыз, – дейді Жаңагүл Байғаскина.

Ерлік сабағы Нұрлан Байғаскин қаза тапқан арнайы операция негізінде қарағандылық полицейлер түсірген "Ащы қант" фильмінің көрсетілімімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды ІІБ қылмыстық іздестірудің 31 жастағы жедел уәкілі Нұрлан Байғаскин жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапты. Аға лейтенант 1998 жылы қарашада қант қоймасын тонап, полиция қызметкері Рустам Мажитовты өлтірген қылмыскерлерді ұстауға қатысып, олардың көлігін бағдарлау бойынша тоқтатқан еді. Қарағанды облысында полиция қызметкері қайтыс болғаннан кейін "Сирена" жоспары жарияланды. Жедел уәкіл Нұрлан Байғаскин қарақшылар келуі мүмкін пәтерлердің бірінде жасырынған. Ұстау кезінде олардың біреуі өлтірілді, екіншісі жараланды. Атыс кезінде Нұрлан Байғаскиннің өзі де басынан ауыр жарақат алды.
