
1 маусымда Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ерекше қос жұлдыз» инклюзивті таланттар фестивалі өтеді. Қатысуға өтінімдер 10 мамырға дейін қабылданады.
Фестиваль облыс орталығында екінші рет өткізіліп отыр. Ағымдағы жылы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жомарт Жандар Жұмылса» ҚҚ ұйымдастыруымен өтуде.
– Мереке Балаларды қорғау күніне арналған. Фестиваль ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз қабілеттерін одан әрі дамытуға және ашуға мотивация береді. Бір сахнада қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар өнер көрсетеді. Олар концерттік нөмірлерді дуэт ретінде орындайды. Бұл би, вокал, дыбыссыз ән айту, аспаптық немесе шығармашылық орындау болуы мүмкін. Өтінімдерді 10 мамырға дейін қабылдаймыз. Одан бөлек 10 шақты хедлайнер болады, – дейді «Жомарт Жандар Жұмылса» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Динара Аринова.
Қатысушылардың жасы 7 мен 18 жас аралығында.
Өтініштер zhomart.fond@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар мен сыйлықтар беріледі. Үздіктер дипломдар мен арнайы мүсіншелермен марапатталады.
Анықтама телефоны: +7-701-263-95-85 (WhatsApp).