
Енді Астана – Теміртау автомобиль жолында жылдам жүруге болады. Автобандағы рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық Аршалы ауылының жанындағы ұзындығы төрт шақырым учаскені қоспағанда, сағатына 120-дан 140 шақырымға дейін ұлғайтылды.
"Қазавтожол" жаңа жылдамдық режимі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің нұсқамасына сәйкес 26 сәуірден бастап күшіне енгенін хабарлады.
"Астана – Теміртау автомобиль жолының 1305-ші шақырымнан 1327-ші шақырымға дейінгі учаскесінде (Бабатай кентінен Аршалы кентіне дейінгі учаске) жылдамдық режимі сағатына 120-дан 140 шақырымға дейін ұлғайтылды. Алайда, ұзындығы 4 км (1327 км +350 м-ден 1331 км +450 м-ге дейінгі Республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы автомобиль жолының) Аршалы кенті маңындағы көлік айрығының жанындағы Астана-Теміртау ақылы жолының учаскесінде жылдамдықты 120 км/сағ дейін шектеу қолданылады", – деп ескертті "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ.
Сондай ақ компания Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдық режимінің белгіленген шектеулері туралы еске салды:
1. I-А санаты – 140 км/сағ (Астана – Павлодар, Астана – Щучинск, Астана – Теміртау, Алматы – Қонаев).
2. I-б санаты – 110 км/сағ (Алматы – Қорғас, Шымкент – Өзбекстанмен шекарасы, Қонаев – Талдықорған, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Щучинск – Көкшетау).
3. II санат – сағатына 100 км (Павлодар – Семей – Қалбатау, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Ресеймен шекара (Омбы бағыты), Орал – Ресеймен шекара (Самара бағыты), Орал – Ресеймен шекара (Саратов бағыты), Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстанмен шекара).