
"Қарағанды" фотоклубы фотографтар мен қала тұрғындарын бірден үш көрмені қамтитын "Перспектива" фотожобасына қатысуға шақырады. Қаланың фотографтары, фотоклуб және шақырылған қонақ өз жұмыстарын ұсынады.

"Биылғы фотожоба туған қаламыздың 90 жылдығына арналған. Жобаның тақырыбы – үй. Біздің әрқайсымыз үшін үй – жаеымызға жақын, қымбат нәрсе. Кейбіреулер үшін бұл пәтердегі жайлы бұрыш, ал кейбіреулер үшін бұл бүкіл ел. Үй, отбасы, жақындары – бұл ұғымдардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты", – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Фотографтардан 10 туындыға дейін қабылданады (фотосуреттің өлшемі кемінде 4000 пиксель болуы тиіс). Оларды фотоклубтың photoclub.karaganda@gmail.com поштасына "перспективаға" деген белгімен жіберу керек. Іріктеуден өткен фотосуреттерді басып шығару мен ресімдеуді қатысушы өз қалтасынан төлейді.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі 15 мамырға дейін.
Көрме 6 маусымда бейнелеу өнері мұражайында өтеді.