Бұрыңғы Қарағанды машина жасау зауыты (НКМЗ) алаңы қайта жанданды. Жылдар бойы жұмыс істемеген ғимараттар шағын өнеркәсіптік аймақ құруға берілді.
Инфрақұрылымы қалпына келтірілгеннен кейін, зауыт жұмысын бастады және оның аумағында бірнеше өндіріс орындары пайда болды. Бұл шағын және орта бизнеске, жергілікті тауар өндірушілерге жақсы қолдау болды.
Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайырдың айтуынша, қазір шағын өнеркәсіп аймағының аумағы шамамен 13 мың шаршы метрді құрайды, мұнда әртүрлі бейіндегі 10 кәсіпорын орналастырылған: құбырлар, жылыту қазандықтары, тұрмыстық химия және т. б. шығару бойынша жаңа өндірістерді тарту жоспарлануда, бұл үшін орын бар.
Жоба шағын және орта бизнес субъектілерін орналастыру үшін өндірістік үй-жайларды реконструкциялауға және салуға жеңілдікті кредит беруді көздейді. Бір артықшылығы – дайын инфрақұрылымның болуы. Кәсіпкерлер үшін жалдау ақысы қол жетімді, сондай-ақ өз ісін дамыту мүмкіндіктерін алады.
Шағын өнеркәсіптік аймақ аумағында экологиялық таза тұрмыстық химия шығаратын кәсіпорын орналасқан. Ол кір жуатын гельдер, сұйық сабындар, мата жұмсартқыштар, тазартқыштар мен тазалағыштар шығарады.
– Біздің компаниямыз жеті жылдан бері жұмыс істеп келеді. Автохимия өндірісінен, аз көлемнен бастадық. Тұрмыстық химия өндіре бастағанымызға үш жыл болды. Қазір айына 150 тонна дайын өнім шығарамыз, 50-ден астам өнім түрі бар. Біз импорттық жабдықты, шикізатты шетелден сатып аламыз.
Сапаны бақылауға арналған жеке зертхана бар, – деді өндіріс жетекшісі Александр Будницкий. – Бастапқыда біздің барлық өндірісіміз басқа мекен-жайда орналасқан, ол шағын цех болатын. Соыңар осында көшіп келдік, бөлме үлкен, кең. Өндірісімізді кеңейттік, одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер бар.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов тұрмыстық химия өндіретін кәсіпорында болып қайтты. Оған жергілікті өнім желісі көрсетілді. Ол оның қаншалықты сұранысқа ие екеніне, сатуды қалай ұйымдастырғанына қызығушылық танытты.
– Біздің басты міндетіміз – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Осы бағытта одан әрі жұмыс істейтін боламыз: тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз ету мақсатында ШОБ үшін жағдай жасау қажет. Облыста тоқтап тұрған ғимараттар базасында тағы да бірқатар шағын өнеркәсіптік аймақтар құруды жоспарлап отырмыз: бизнестен өтінімдер бар, – деп атап өтті Азамат Тайжанов. – Биыл облыста жалпы сомасы 250 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылуда және 3500 жаңа жұмыс орны құрылуда. Бұл ретте импортты алмастыруға, бәсекеге қабілетті өндірістер құруға баса назар аударылады.