
Коронавирустың таралуымен күресу үшін құрылған "Көмек-2020" облыстық қоғамдық қорына 424 703 803 теңге түсті. Жарналарды кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс және жол компанияларының еңбек ұжымдары жасады. Сондай-ақ, облыстың мемлекеттік қызметкерлері де бір күндік жалақысын аударды.
Жиналған ақшадан 58 750 000 теңгеге 10 "САП - 01" бүріккіш-автокөлігі сатып алынды.
Оның ішінде 21 232 926 теңгеге аспалы және 12 686 000 теңгеге бензинді бүріккіштер алынды. Оттегі концентраторлары 42 885 000 теңгеге сатып алды.
Қарағанды облысының ауруханаларына дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық құрал-саймандарға 92 465 389 теңге жұмсалды.
COVID-19-бен күреске қатысатын медицина қызметкерлерінің тұруына және тамақтануына 100 201 200 теңге жұмсалды.
Карантиндік жағдайда тұрғылықты жерінен жұмысқа дейін медициналық қызметкерлерді тасымалдау үшін 5 108 090 теңге төленді.
COVID-19 жұқтыру қаупі бар "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК қызметкерлеріне 68 949 750 теңге бөлінді.
COVID-19 таралу қаупін төмендету бойынша іс-шараларда жұмыс істейтін зертханалардың қызметкерлеріне сыйақы беруге 8 609 000 теңге жұмсалды.
Балқаш орталық ауруханасында жұқпалы аурулар корпусын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 12 500 000 теңге жұмсалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда коронавирустың таралуымен күресу үшін "Көмек-2020" облыстық қоғамдық қоры жұмыс істейді. Ақшаның жұмсалуын Қамқоршылық кеңес бақылайды. Оған Қарағанды облысы әкімінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков; "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ ректорының кеңесшісі, Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Серік Ақсұңқарұлы; ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорттың Құрметті қайраткері Валерий Громов.
Кез келген адам көмек көрсетуге өз үлесін қоса алады.
Деректемелер:
"Көмек-2020" қоғамдық қоры
БСН 200 340 023 764
Кбе 18
Индекс 100009
Қарағанды қ., С. Сейфуллин к-сі, 1/2 үй
ЖСК KZ8896509F0007987318
IRTYKZKA БИК
"ForteBank" АҚ Қарағанды қаласындағы филиалы