
5 мамыр "Шалқыма" концерт залында, сағат 17:00-де Мәдениет үздігі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисі Гүлмира Серікқызының 25 жыл сахнада жүргеніне орай "Асыл әнім" шығармашылық кеші өтеді.
Бағдарламада – қазақ халық және эстрадалық әндері, романстар: Нұрлан Албан "Арулар", Айдос Сағат "Періште", Мұратхан Егінбаев "Құмған алған", халық әні "Бүлдірген", Леонид Дербенев "Есть только миг", Микаэл Таривердиев "Романс о любви" және т. б.
Сондай-ақ, концертте Ербол Алшынбаев, Ержан Найманбай, Камилла мен Жәмила Оспанова, "Мерей" триосы және басқалар өнер көрсетеді.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.