
Теміртауда Металлургтер монументінің жанында орналасқан "Бірлік" саябағын абаттандыру басталды. Онда жаңа жарықтандыру тіректері, орындықтар, шағын архитектуралық пішіндер және субұрқақтар болады.

Саябаққа өткен жылы "Бірлік" атауы берілді. Сол кезде ол Теміртау қаласының гүлзарлары мен саябақтарын басқару балансына ауысты.

Биыл мердігер ұйым ескі шекаралар мен плиткаларды алып тастау, жұмыс істемейтін субұрқақтарды бұзу жұмыстарын бастады.

– Алаңда 20 жарық тірегі, үш пергола, орындықтар орнатылады, жаңа төсеніштер пайда болады. Сондай-ақ, ақсақалдар кеңесінің, Қоғамдық кеңестің, депутаттардың ұсынысы бойынша бейбітшілік, келісім және толеранттылық сияқты қазақстандық құндылықтарымызды бейнелейтін шағын сәулет нысандары мен барельеф орнатылады, – деді Теміртау мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айжан Шакенова.
Шағын архитектуралық пішіндер ескі күнқағар күркелердің орнына орнатылады. Алаңда құрғақ субұрқақтар келесі жылы пайда болады. 13 мың шаршы метрден астам аумақ мамыр айының соңына дейін абаттандырылады деп жоспарланып отыр.

– Сондай-ақ, алаңда жаңа гүлзарлар пайда болады, ол өте әдемі және жасыл болады. Өткен күзде біз саябақтың аумағына кіретін үлкен сахнаны жөндедік және онда бұқаралық іс-шаралар өткіздік. Болашақта "Бірлік" саябағы тұрғындарды біріктіріп, қала тұрғындарының мәдени көңіл көтеруі мен демалуына арналған орын болады деп үміттенеміз, – дейді Айжан Шакенова.