Жаңаарқа ауданы: Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Жаңаарқа ауданы: Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Жаңаарқа ауданында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жалпы сомасы 1 миллиард 370 миллион теңгеге 42 жоба іске асырылуда. Бұл туралы ZOOM алаңындағы тікелей эфирде Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин мәлім етті.

- Жұмыспен қамту жол картасы аясында біздің ауданда 42 жоба жүзеге асырылады. Ауқымды жұмыстар Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымы бойынша жүргізілуде. Білім және мәдениет нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ЖХК саласында жобалар жүзеге асырылуда. Олар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. 122 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 67 адам тартылды. Жоба аяқталғаннан кейін ауданда 153 тұрақты жұмыс орны ашылады, - деді Юржан Бекқожин.

Оның айтуынша, ЖҚЖК бойынша Атасу кентінде 10 көше мен Жаңаарқа ауданының басқа кенттері мен ауылдық округтерінде 7 көшені жөндеу жоспарлануда. Юржан Бекқожин аудан үшін маңызды нысан болып табылатын жүзу бассейні құрылысының аяқталу мерзіміне де тоқталды.

- Бассейн құрылысы бойынша қазір жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі - жыл соңына дейін, - деп түсіндірді әкім.

Сондай-ақ, ауданда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл алты қазандықты қалпына келтіру жоспарлануда. Осыған дейін он қазандықтың төртеуі жөнделді.

Брифингтің келесі маңызды мәселесі - Жаңаарқа ауданындағы эпидемиологиялық жағдай. Ауданның 12 ауылдық округі мен екі кентінде 40 мыңға жуық адам тұрады. Бүгінде онда COVID-19 жұқтырудың 63 жағдайы тіркелген. Юржан Бекқожин тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

- Мен барлығын, әрбір отбасын, сақтық шараларын ұстануға шақырамын. Отбасылық мерекелерді өткізбеңіздер. Адамдар көп жиналатын орындарында жүрмеңіздер. Көшеде және қоғамдық орындарда қашықтықты, жеке гигиена және дезинфекция ережелерін сақтаңыздар. Және маскасыз үйден шықпаңыздар. Ата-аналар балаларының табиғатта топтасып қалмауын және мүмкіндігінше қоғамдық жерлерден алыстап жүруін қадағалауы тиіс, - деді аудан басшысы.

Юржан Бекқожин атап өткендей, күн сайын екі мобильдік топ Жаңаарқа ауданында халыққа қызмет көрсету объектілерінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау үшін рейдтер жүргізуде.