Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Бүгін, 30 сәуір, сағат 17:00-ден 22:00-ге дейін Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында алғаш рет он республикалық телеарна – Qazaqstan, Astana TV, "Хабар", Jibek Joly, "Еуразия", "КТК", "31 арна", Atameken Business, Almaty TV және "7 арна" тікелей эфирінде бес сағаттық "Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

Басты кейіпкерлер – су тасқыны кезінде батылдық пен ерлік танытқан қарапайым қазақстандықтар.

Құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер халықтың бірлігінің бейнесіне айналды.