ХҚКО мен арнайы ХҚКО мерекелік күндердегі жұмыс кестесі

ХҚКО мен арнайы ХҚКО мерекелік күндердегі жұмыс кестесі

Алда үш мемлекеттік мереке болады. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7 және 9 мамырда жабылады.

Сенбі, 4 мамырда орталықтар 18:00-ге дейін, кезекшілер 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

8 мамыр – тек кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО қызмет етеді. Олар сағат 13.00-ге дейін ашық болады.

10 мамырдан бастап фронт-кеңселер әдеттегі кестеге оралады: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының әдетте жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.