Қарағандылық кәсіпорын мемлекет қолдауымен қуаттылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашты

Қарағандылық кәсіпорын мемлекет қолдауымен қуаттылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашты

"МебельВго" кәсіпорны мемлекеттің қолдауына ие болып, заманауи жабдықтар сатып алып, жаңа жұмыс орындарын ашты. Бастапқыда 15 адам жұмыс істеген жиһаз цехында бүгінде 48 адам жұмыс істейді.

– Біз 3 жыл бұрын ғана жұмыс істей бастадық. Бірақ қазір озық станоктар сатып алып, мемлекеттен субсидия алып, қосымша жұмыс орындарын құрдық. Өндірістік қуаттылықты арттырдық. Біз негізінен корпусты жиһаз шығарамыз – бұл біздің өнімдеріміздің 80 %, – дейді кәсіпорын басшысы Людмила Петрова. – Қазіргі уақытта Қарағандының екі мектебі бізбен жиһаз өндіруге келісім жасасты.

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов жиһаз цехының жұмысымен танысып, өңірде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын еске салды.

– Жергілікті тауарлардың сұранысқа ие екендігі қуантады, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов. – Өндіріс үшін шикізатты мүмкіндігінше жергілікті өндірушілерден алып, пайдалану керек. Биыл 2,5 мың жаңа жобаны қаржыландыру міндетін қойып отырмыз. Тауар өндірушілерді қолдау тек қаржылық шараларда ғана емес, жергілікті өндірістерді жүктеу бойынша да жұмыс жүргізілуде.

"МебельВго"-да кәсіби кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер де жұмысқа тартылады.

– Өңірде шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. Бүгінгі күні бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру және инженерлік инфрақұрылымды жүргізу сияқты мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. Ал өз қызметін моно -, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер үшін көрсетілетін қолдау салалық шектеулерсіз ұсынылады, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская бизнесті қолдау шаралары туралы.

Бұдан басқа, Қарағанды облысының әкімдігі "Даму" Қорымен бірлесіп "Кәсіпкер" өңірлік бағдарламасын іске асыруда.