
Қарағанды облысының терроризмге қарсы жедел штабы 22–30 сәуір аралығында арнайы жаттығулар өткізеді.
«Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», – деп хабарлады Қарағанды облысының терроризмге қарсы жедел штабы.