Жұмыс жәрмеңкесінде 750-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Жұмыс жәрмеңкесінде 750-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қарағандыда 19 - сәуірде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде қаланың 40 кәсіпорыны 750-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Мансап орталығының хабарлауынша, 313-тен астам тұрғынға кеңес беріліп, 75 адам жұмысқа орналасу үшін жолдама алған, оның ішінде 5-і пробация қызметінде есепте тұрған.

Жәрмеңкеге келушілер үшін Кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша, оның ішінде "Күміс жас", "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар" бағыттары бойынша кеңес берілді.

Жәрмеңкенің басты міндеті – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесу.

Бүгінгі күні enbek.kz электрондық еңбек биржасында Қарағанды бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылғанын атап өткен жөн.