
Қарағанды қаласының Мансап орталығы 19 сәуірде "Таир" СҮ-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп жүрген тұрғындарды шақырады.
Жәрмеңкенің басты міндеті – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланысқа жәрдемдесу.
Әр түрлі қызмет салаларындағы 30-дан астам жұмыс берушілер жұмыс ұсынады. Соның ішінде Kama Tyres, Asia FerroAlloys, Халық Банкі сияқты ірі компаниялар бар.
Жәрмеңке студенттерге, жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне, жұмыссыздарға және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктер табуға ұмтылушыларға пайдалы болады.
Бүгінгі күні enbek.kz электрондық еңбек биржасында Қарағанды бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.
Мекен-жайы: "Таир" СҮ: Ғарышкерлер көшесі, 1, 1/29-құжат.
Жәрмеңкені өткізу уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Байланыс телефондары: (8-7212) 996-397, 996-493, +7-775-644-35-80 (Whatsapp).